Human Rights Hub

Human Rights Hub Human Rights HUB – уникальное открытое общественное простран

HR Hub - место, где могут встречаться представители гражданского общества, правозащитники, активисты, художники, IT специалисты и др. HR Hub - место которое основано на демократических ценностях, уважения прав и достоинства человека, и равенства всех групп.

Наша цель стать местом, которое сможет построить мосты между разными группами людей.

Вы можете здесь проводить:
✔ трениниги ( до 30-40 чел

.)
✔ образовательные инициативы для молодежи, журналистов, активистов и тд...
✔собирать исследователей,
✔устраивать дискуссии,
✔и все что вы можете придумать :)

Кого мы ждем:
✔правозащитников,
✔ЛГБТИК+ активистов,
✔представителей НПО и тд.

⚡️ Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары!🕷 Human Rights Hub ұжымы қазақша дубляжды қолдау мақсатында «Өрмек...
04/08/2026

⚡️ Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары!

🕷 Human Rights Hub ұжымы қазақша дубляжды қолдау мақсатында «Өрмекші-адам: Жаңа күн» фильмінің премьерасына арналған 2 билет ойнатады!

🍿 Фильм Астана қаласындағы Chaplin Mega Silkway кинотеатрында 6 тамызда сағат 19:25-те басталады. Фильмді залдың дәл ортасында отырып көресіз🙂‍↕️

📌 Ұтыс шарттары:

• Human Rights Hub парақшасына фоллоу жасаңыз;
• Осы жазбаның алғашқы бетін стористе бөлісіңіз;
• Стористе Human Rights Hub парақшасын белгілеңіз;
• Осы посттың астына кез келген пікір жаза кетіңіз. Жауап ретінде сізге ұтысқа қатысу нөмірін береміз;
• Сторисіңіз бізге көрінуі үшін парақшаңыз міндетті түрде ашық болуы шарт.

🏆 Ұтыс нәтижесін 6 тамызда күндіз сағат 12:00-де жариялаймыз! Жеңімпазды рандомайзер арқылы анықтаймыз.

Қазақша дубляжды бірге қолдайық! Баршаңызға іске сәт! 🕸

📣 Адам құқықтары туралы көбірек білгіңіз келе ме?Онда сізді осы тақырыпқа арналған арнайы оқу бағдарламасына шақырамыз!⚡...
30/07/2026

📣 Адам құқықтары туралы көбірек білгіңіз келе ме?

Онда сізді осы тақырыпқа арналған арнайы оқу бағдарламасына шақырамыз!

⚡️ Адам құқықтары мен бостандықтарды қорғау тетіктерін тереңірек меңгеріп, алған ақпаратты күнделікті өмірде және кәсіби ортада қолдануды үйренесіз.

👥 Бұл жоба:
• заң саласына қызығатын студенттер;
• оқытушылар;
• азаматтық белсенділер;
• қоғамдағы мәселелерге бейжай қарамайтын кез келген азамат үшін өте пайдалы болмақ.

Үш күн бойы тәжірибелі мамандар мен сарапшылардан мазмұнды дәріс тыңдап, интерактив сессияларда пікір алмасамыз.

🗓 Күні: 28, 29, 30 тамыз (курсқа үш күн бойы толық қатысу керек)
📍 Өтетін орны: Астана қаласы, Кенесары көшесі 8, 1405-1407 кеңсе, Human Rights Hub алаңы
🆓 Қатысу: тегін
🗣 Курс қазақ тілінде өтеді.

🔗 Тіркелу сілтемесі: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSce5ePRPIQPpRVac7b159nQju0-ukK-ilbumPVCDtgGAwSrXQ/viewform?pli=1&authuser=0

Өтініш жіберіп, қатарымызға қосылыңыз! Сізді асыға күтеміз!

🗳️ Сайлауға қатысу құқығы қалай пайда болды?Бүгінде сайлауға қатысу – адамның негізгі саяси құқықтарының бірі. Алайда та...
28/07/2026

🗳️ Сайлауға қатысу құқығы қалай пайда болды?

Бүгінде сайлауға қатысу – адамның негізгі саяси құқықтарының бірі. Алайда тарихтың басым бөлігінде бұл құқық қоғамның аз ғана бөлігіне тиесілі болды.

🏛️ Алғашқы дауыс беру түрлері Ежелгі мемлекеттерде пайда болды. Мысалы, б.з.д. V-IV ғасырлардағы Афинада тек еркін ер азаматтар ғана дауыс бере алды. Әйелдер, құлдар және шетелдіктер саяси өмірден шеттетілді.

⚖️ XVIII-XIX ғасырларда Француз революциясы адам құқықтары туралы идеялардың кең таралуына ықпал етті. Кейін қоғамдық қозғалыстар сайлау құқығын кеңейтуді талап етті.

👩 Әйелдердің сайлау құқығы үшін күресте суфражистер маңызды рөл атқарды. АҚШ-та Сьюзен Энтони мен Элизабет Кэди Стэнтон, Ұлыбританияда Эммелин Панкхерст бастаған белсенділер әйелдердің дауыс беру құқығы үшін ұзақ жылдар күресті.

🇺🇸 АҚШ-та әйелдерге алғаш болып Вайоминг (1869) және Юта (1870) аумақтарында дауыс беру құқығы берілді. 1920 жылы бұл құқық бүкіл ел бойынша заңмен бекітілді. Бірақ көптеген әйелдер, әсіресе афроамерикалықтар мен байырғы халық өкілдері, өз құқықтарын толық пайдалана алмады.

🌍 1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы әр адамның өз елін басқаруға және сайлауға қатысу құқығын халықаралық деңгейде бекітті.

✅ Сайлау құқығы тек дауыс берумен шектелмейді. Оның толық жүзеге асуы үшін саяси әралуандылық, сенімді ақпаратқа қолжетімділік, сөз еркіндігі, бейбіт жиналу еркіндігі, кандидаттарға тең мүмкіндік және сайлаушыларға қысымның болмауы қажет.

🙏🏼 Жазбаны тағылымгер Нұрсая дайындады.

⚡️ Әлемде экологиялық дағдарыс, климаттың өзгеруі мен табиғи ресурстардың сарқылуы секілді күрделі мәселелер әлі де өзек...
27/07/2026

⚡️ Әлемде экологиялық дағдарыс, климаттың өзгеруі мен табиғи ресурстардың сарқылуы секілді күрделі мәселелер әлі де өзекті. Соған қарамастан, түрлі елдерде мемлекет, азаматтық қоғам және белсенділердің бірлескен еңбегі нақты нәтиже беріп келеді. Ауаның тазаруы, табиғи аумақтардың қорғалуы, су айдындарының қалпына келуі — оң өзгерістің мүмкін екенін көрсететін мысалдар.

✨ Әлемнен жеткен жақсы жаңалықтар

🇳🇱 Нидерланд. Greenpeace пен өзге де табиғат қорғау ұйымдары өнеркәсіптің ауаны ластауына қатысты сот ісінде маңызды жеңіске жетті. Ұзақ жылдарға созылған қоғамдық науқаннан кейін билік Эймейден қаласындағы Tata Steel компаниясына қарасты кокс-химия өндірістерінің экологиялық рұқсаттарын қайтарып алу рәсімін бастады. Қолданыстағы рұқсаттардың мерзімі аяқталған соң бұл нысандар жұмысын тоқтатуға тиіс.

🇮🇩 Индонезия. Ел билігі байырғы халықтар мен жергілікті қауымдардың табиғатты қорғауға қатысты дәстүрлі білімін мойындап, оны қорғауға арналған ұлттық жол картасын әзірлеп жатыр. Құжат олардың экологиялық саясатқа қатысуын күшейтіп, жер мен табиғи ресурстарға қатысты құқықтарын қорғауға бағытталмақ. Сарапшылардың бағалауынша, бұл қауымдар жалпы аумағы шамамен 29 миллион гектар болатын табиғи аумақтарды сақтап отыр.

🇺🇸 АҚШ. Спутник деректеріне сүйенген жаңа зерттеу электромобильдер санының артуы ауа сапасының жақсаруына ықпал ететінін көрсетті. Калифорнияда электр көліктері көбейген сайын азот диоксидінің мөлшері шамамен 1–2 пайызға төмендеген. Бұл өзгеріс тұрғындардың денсаулығына оң әсер етеді.

🇰🇿 Қазақстан. 2005 жылы Көкарал бөгеті салынғаннан кейін Солтүстік Арал теңізі біртіндеп қалпына келе бастады. Ондағы су көлемі шамамен жарты есеге ұлғайып, кейінгі жылдары 22 текше шақырымнан асты. Судың тұздылығы төмендеп, теңізге балықтың 22 түрі қайта оралды.

🙏🏼 Жазбаны тағылымгер Нұрсая дайындады.

🙌🏼 С развитием общества и укреплением демократических институтов права человека и их защита становятся неотъемлемой част...
16/07/2026

🙌🏼 С развитием общества и укреплением демократических институтов права человека и их защита становятся неотъемлемой частью деятельности каждого государства.

⚖️ Помимо национальных механизмов, существуют международные органы, которые берут на себя обязательства по защите граждан различных стран и имеют право оказывать влияние на субъектов, осуществляющих государственное управление. Исходя из этого, международные механизмы защиты прав человека можно разделить на универсальные и региональные.

💪🏼 Универсальные механизмы включают систему Организации Объединённых Наций и действующие в её рамках комитеты. Например, Совет ООН по правам человека проводит Универсальный периодический обзор, в рамках которого оценивается соблюдение прав человека во всех государствах — членах ООН. Кроме того, Совет назначает специальных докладчиков и независимых экспертов.

☝🏽 Договорные органы ООН по правам человека следят за выполнением международных соглашений и в предусмотренных случаях могут рассматривать индивидуальные жалобы. К основным из них относятся Комитет по правам человека, Комитет против пыток, Комитет по ликвидации расовой дискриминации и другие органы.

🙌🏼 Региональные механизмы действуют в зависимости от конкретного региона и также могут включать судебные органы. Например, в европейской системе существует Европейский суд по правам человека, который действует на основании Европейской конвенции о защите прав человека и основных свобод и рассматривает жалобы граждан против государств.

Африканская система, в свою очередь, включает Африканскую комиссию по правам человека и народов и Африканский суд по правам человека и народов.

⚖️ Международные органы обеспечивают защиту прав человека посредством рассмотрения индивидуальных жалоб, мониторинга выполнения международных договоров, проведения расследований, а также принятия обязательных или рекомендательных решений.

👉🏼 Автор материала – стажерка Нурсая

🌍 Жаңа мүмкіндіктер дайжесті! ✈️Шетелде білім алып, зерттеу жүргізгіңіз келсе немесе халықаралық форумдарға қатысқыңыз к...
11/07/2026

🌍 Жаңа мүмкіндіктер дайжесті! ✈️

Шетелде білім алып, зерттеу жүргізгіңіз келсе немесе халықаралық форумдарға қатысқыңыз келсе, мына бағдарламаларға назар аударыңыз:

🇨🇭 Швейцариядағы «Youth Empowerment Forum»
Саясат және жаһандық мәселелерді талқылауға арналған форум

Кез келген маман қатыса алады, жас шектеуі: 16–46 жас. Ұйымдастырушылар жолақы, тұру және тамақтану шығындарын өтеуі мүмкін.

Дедлайн: 15 шілде, 2026 жыл

🇬🇧 Ұлыбританиядағы «British Council» зерттеу бағдарламасы

Өнер, білім және халықаралық қатынастар саласындағы 12 айлық зерттеу стипендиясы. Соңғы 7 жыл ішінде қорғалған PhD дәрежесі бар жас ғалымдарға арналған.
Барлық жол шығындары мен ай сайынғы £2,500 көлемінде стипендия төленеді.

Дедлайн: 31 шілде, 2026 жыл

🇳🇴 Норвегиядағы «ISFiT 2027» студенттер фестивалі

Тронхейм қаласында өтетін жаһандық проблемаларды талқылайтын ірі диалог алаңы. Бағдарлама уақытында (2027 жылдың көктемі) ЖОО-да оқып жатқан барлық студенттер қатыса алады. Тұру мен тамақтану тегін, ерекше жағдайларда ұшақ билетіне де қаржылай көмек берілуі мүмкін.

Дедлайн: 2 тамыз, 2026 жыл

🇩🇰 Даниядағы «Aarhus University» магистратурасы

Ағылшын тіліндегі бағдарламаларға арналған мемлекеттік стипендия. Оқу ақысы толық немесе ішінара төленеді, ал кейбір факультеттерде жатын орын үшін ай сайынғы төлем қарастырылған.

Дедлайн: 15 қыркүйек, 2026 жыл

🇦🇪 БАӘ-дегі «NYU Abu Dhabi» бакалавриаты

Мектеп түлектеріне арналған толық грант. Студенттің қаржылық жағдайына қарай оқу, кампуста тұру, тамақтану, сақтандыру және ұшақ билеттері 100% өтеледі.

Дедлайн: 1 қараша 2026, 1 қаңтар немесе 5 қаңтар 2027 жыл.

🙌🏼 Бұл жазбаны тағылымгер Нұрсая дайындады.

Құрметті құрбы-жолдастар!⚡️Сіздерді 27 маусымда өтетін «Қазақ ою-өрнегінің құрылымдық ерекшеліктері мен кең таралған миф...
12/06/2026

Құрметті құрбы-жолдастар!

⚡️Сіздерді 27 маусымда өтетін «Қазақ ою-өрнегінің құрылымдық ерекшеліктері мен кең таралған мифтер» атты ашық дәрісімізге шақырамыз!

👤 Кешті өнертану магистрі, ҚР Ұлттық музейінің кіші ғылыми қызметкері Назерке Шынарбек (Nazerke) жүргізеді.

Кездесу барысында қазақ оюның қалай құрылатынын, түрлі бұйымға қалай салынатынын, композициясының қыр-сырын ашып, кең тараған мифтер мен олардың тарау себептерін талқылаймыз.

🗓 Қашан: 27 маусым (сенбі) | 15:00
📍 Қайда: Астана, Кенесары көшесі 8, 1405-1407 кеңсе, Human Rights Hub алаңы
🔑 Кіру: Тегін

Қатысу үшін тіркелу қажет. Ол үшін Human Rights Hub парақшасының биосында көрсетілген сілтемеге өтіп, форманы толтырыңыз.

📌 Орын саны шектеулі екенін ескертеміз 🫂

⚡️ Human Rights Hub алаңында өз шараңызды өткізіңіз!🏙️ Қала орталығынан ыңғайлы локация керек болса, біздің алаңды жалға...
03/06/2026

⚡️ Human Rights Hub алаңында өз шараңызды өткізіңіз!

🏙️ Қала орталығынан ыңғайлы локация керек болса, біздің алаңды жалға алсаңыз болады. Кеңістіктің қандай форматтарға сай келетінін және онда қандай жабдықтар бар екенін жоғарыдағы суреттен көре аласыз.

💌 Толық ақпарат алып, алаңды брондау үшін поштамызға жазыңыз: [email protected] 📩

_____________

⚡️ Пространство Human Rights Hub открыто для проведения мероприятий и встреч!

📍Если вам нужна удобная локация в центре города, нашу площадку можно арендовать. Для каких форматов мы подходим и что есть внутри пространства — расписали на карточке выше.

📨 Чтобы узнать свободные даты и забронировать хаб, пишите на почту: [email protected] 📩

🤩 Достар, керемет жаңалығымыз бар! Human Rights Hub алаңында English Speaking Club өткіземіз🌟 Бұл еркін ортада пікір алм...
13/04/2026

🤩 Достар, керемет жаңалығымыз бар! Human Rights Hub алаңында English Speaking Club өткіземіз🌟

Бұл еркін ортада пікір алмасып, ағылшын тілінде жетік сөйлеу машығын жетілдірудің таптырмас мүмкіндігі! Мұнда біз адам құқықтары мен өзекті әлеуметтік тақырыптарды бірге талдаймыз.

📅 Күні: 18 сәуір, 17:00 – 18:30
📍 Мекенжайы: Кенесары 8, “Монблан” БҮ, 14-қабат, 1405-кеңсе
👤 Модератор: Саяжан, Human Rights Hub әкімшісі және Канададағы университеттің түлегі (гендерлік зерттеулер бакалавры)

🔗 https://forms.gle/rVyA45xtjZWw8QKA7 сілтемесі арқылы тіркеліңіз

🙏🏼 Орын саны шектеулі. Тіркелген соң бізден растау хатын күтіңіз. Тек растау алған кісілер ғана шараға қатыса алады.

________________

Дорогие друзья, спешим поделиться хорошей новостью! 🌟

В Human Rights Hub открывается English Speaking Club. Это площадка для тех, кто хочет практиковать английский язык, обсуждая права человека и актуальные социальные темы в кругу единомышленников.

📅 Дата: 18 апреля, 17:00 – 18:30
📍 Адрес: ул. Кенесары 8, БЦ “Монблан”, офис 1405
👤 Модератор: Саяжан, администратор Human Rights Hub и выпускница канадского вуза (бакалавр гендерных исследований)

🔗 Регистрация: https://forms.gle/rVyA45xtjZWw8QKA7

🙏🏼 Количество мест ограничено. Подтверждение участия будет отправлено на указанную вами электронную почту. К участию в мероприятии допускаются только те, кто получил письмо-подтверждение.

________________

Great news!🌟 We’re launching an English Speaking Club at the Human Rights Hub.

Join us to practice your English and discuss human rights and social issues in a friendly, open space.

📅 Date: April 18, 05:00 PM – 06:30 PM
📍 Location: 8 Kenesary St, Office 1405
👤 The session will be moderated by Sayajan, HRH Administrator and a Canadian alumna (BA in Gender and Women’s Studies)

🙏🏼 Note: Limited spots available. Please wait for a confirmation message after registering. Only confirmed guests can join the session.

🔗 Register via https://forms.gle/rVyA45xtjZWw8QKA7 ⚡️

📣 Правозащита начинается со знаний! Открываем набор на курс по правам человека!⚡️ Мы ждем тех, кто хочет глубоко разобра...
03/04/2026

📣 Правозащита начинается со знаний! Открываем набор на курс по правам человека!

⚡️ Мы ждем тех, кто хочет глубоко разобраться в механизмах защиты прав и свобод, чтобы уверенно применять эти знания в своей жизни и работе.

👥 Кого мы приглашаем:
• студентов, которым интересна сфера прав человека;
• молодых преподавателей (любых дисциплин!);
• гражданских активистов;
• начинающих правозащитников.

Вас ждут четыре полных дня интенсивного обучения, где спикерами выступят опытные юристы и правозащитники.

🆓 Участие: бесплатное
🗓 Даты проведения: 16–17 и 23–24 мая
🗣 Язык курса: русский (анонс летнего курса на казахском мы сделаем позже — следите за новостями!)
⏳ Дедлайн подачи заявок: 10 мая (включительно)
📩 Результаты отбора: сообщим до 17 мая

🔗 Ссылка на регистрацию: https://shorturl.at/pvwAs

Заполняйте анкету и присоединяйтесь, будем рады вас видеть!

Address

Kenessary 8, 1405
Nur-Sultan
010000

Opening Hours

Monday 10:00 - 20:00
Tuesday 10:00 - 20:00
Wednesday 10:00 - 20:00
Thursday 10:00 - 20:00
Friday 10:00 - 20:00
Saturday 10:00 - 20:00
Sunday 10:00 - 20:00

Telephone

+77752737414

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Human Rights Hub posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Human Rights Hub:

Shortcuts

Share