02/02/2022
Ұлттық тасымалдаушы халықтың сұранысын ескере отырып, 2022 жылдың 1 ақпанынан бастап әйелдер вагондары бар пойыздардың санын көбейту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.Жоба пилоттық режимде әйелдерга арналған вагондар тағы:
1) № 45/46 «Павлодар-Шымкент»;
2) № 85/86 «Нұр-Сұлтан-1-Шымкент»;
3) № 37/38 «Маңғыстау-Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Семей»;
4) № 47/48 «Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол-Атырау»;
5) № 379/380 «Алматы-2-Орал»;
6) № 73/74 «Алматы-2-Жезқазған» бағыттары бойынша жүретін жолаушылар пойызында жұмыс істейді.
Интернет-сайттарда және билет кассаларында әйелдер вагондарына теміржол билеттерін ресімдеген кезде жолаушылар мұқият болып, шартты белгілерге назар аударуы тиіс.