Uzdik_kz

Uzdik_kz Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Uzdik_kz, Event Planner, Moscow.

23/10/2022
ЖК «UZDIK_KZ орталығы»      эл.пошта: uzdik_kz@mail.ru         байланыс телефоны:         8 775 647 38 05               ...
08/11/2021

ЖК «UZDIK_KZ орталығы»
эл.пошта: [email protected]
байланыс телефоны:
8 775 647 38 05



«ШАБЫТ ШЫҢЫ»
атты І халықаралық өнер фестивалінің өткізу ережесі

Өткізілетін орны:
Қазақстан. Шымкент қаласы Ж. Шанин атындағы облыстық драма театры
Мерзімі: 21.11.2021 жыл

UZDIK_KZ орталығының ұйымдастыруымен алғашқы рет талантты өнерпаздарды анықтау мақсатында «ШАБЫТ ШЫҢЫ» атты І-халықаралық фестивалі 2021 жылдың қараша айының 21 күні өткізіледі.
Фестивальге барлық бойында өнері бар дарындылар қатыса алады. Жеңімпаздар дипломмен кубокпен, жетекшілері және ата-аналары Алғыс хатпен марапатталады. Байқау сонымен қатар қашықтықтан да өткізіледі.
Онлайн қатысушылардың қорытындысы 25 қараша күні анықталады және 27-31 қараша аралығы казпошта арқылы таратылады.
Фестиваль шарттары туралы толығырақ мәлімет фестиваль ережесінде.
ФЕСТИВАЛЬ ЕРЕЖЕСІ
Жалпы ереже:
Талантты өнерпаздарды анықтау мақсатында «ШАБЫТ ШЫҢЫ» фестивалі халықаралық деңгейде өткізіліп отыр.
Фестиваль мақсаты:
- Талантты өнерпаздарды анықтау.
- Өнерпаздардың шығармашылық деңгейін дамыту
- Жас таланттарды сахнаға баулу және өнерлерін насихаттау
- Байқаудың ұйымдастырушысы ЖК «UZDIK_KZ орталығы»

Фестивальді өткізу тәртібі мен шарттары:
Фестивальге қатысушылар жас ерекшелігіне қарай келесі топтарға бөлінеді:
Бүлдіршін топ - 4-6 жас
Кіші топ 7-10 жас
Орта топ 11-13 жас
Үлкен топ 14-16 (оқушылар арасында)
Білімгер топ 16-25 (білімгерлер арасында)
Ересек топ 25 жастан жоғары (шектеу жоқ)


Байқау жанрлары:
«Аспапта орындаушылық» -жеке орындау (барлық аспапта),ансамбль, оркестр /бір күй немесе шығарма/
«Дәстүрлі ән»- ұлттық аспаппен бір ән орындау /халық әні немесе халық композиторларының әндері/
«Вокал» - эстрадалық ,классикалық, дуэт, трио, квартет, хор / Бір ән/ (Жанды дауыста орындалу керек және минусовкасы өтінішпен жіберілуі керек)
«Хореография» - жеке, топтық . /Бір би. Еркін тақырып./ (Музыкасы өтінішпен бірге жіберілуі керек)
«Көркемсөз» - драмадан үзінді, өлең, қарасөз /4 минуттан аспауы тиіс/
«Театр» - жеке, топтық /еркін тақырып, 10 минуттан аспауы тиіс/

СҰРАҚТАР болса 8 700 967 59 62 нөміріне кешкі сағат 18:00 ден кейін хабарласуға болады.



Сұраныстар 2021 жылдың 15-шы қарашаға дейін қабылданады.
Анықтама үшін: 8 700 967 59 62 /Жанар/
Сұранысты [email protected] электронды поштаға немесе 8 775 647 38 05 whatsApp нөміріне төленген түбіртекпен бірге жолдау қажет.
Фестивальдің бағалануы және марапаттау
Қазылар алқасы қатысушылардың орындау шеберлігіне, сахна мәдениетіне, актерлік шеберлігіне, киім кию үлгісіне баса мән береді. Қазылар алқасының шешімі өзгертілмейді және талқыланбайды. Әр қатысушы жеке бағаланады. Вокал жанды дауыста орындалады.
Жүлделер әр жанр бойынша тағайындалады.
Бас жүлде - лауреат дипломы және кубок
І орын - лауреат дипломы және кубок
ІІ орын - лауреат дипломы және кубок
ІІІ орын - лауреат дипломы және кубок
«ШАБЫТ ШЫҢЫ» байқауының бас жүлдегерлері Нұр-Сұлтан қаласында өткізілетін келесі байқауға ТЕГІН жолдама алады.
Топтық құрамдағы әр қатысушыға диплом және кіші кубок, жетекшіге Алғыс хат
ОРЫН ИЕЛЕНБЕГЕН ЖАҒДАЙДА ҚАТЫСҚАНЫ ҮШІН АЛҒЫС ХАТ
Фестивальге қатысушыларды дайындаған педагогтар және демеушілік көрсеткен ата-анасы АЛҒЫС ХАТПЕН марапатталады.
Онлайн қатысушыларға ескерту!!!
Жіберілген видеолар әлеуметтік желіге жарияланады.



Байқауға қатысушының өтініші
Онлайн немесе оффлайн екенін міндетті түрде көрсету керек!

Қатысушының аты-жөні (куәлік көшірмесі) Жасы
тобы Мекен- жайы
индексі
(толық) Мектебі, сыныбы,
(Болған жағдайда) Жетекшісінің толық аты-жөні
whatsApp нөмірі

Жанры Орындайтын
шығармасы Электронды поштасы

Қайырлы күн, достар. Тараз қаласында 14 күні өтетін республикалық байқауға қатысуға шақырамыз. Келіңіздер, қатысыңыздар....
02/04/2019

Қайырлы күн, достар. Тараз қаласында 14 күні өтетін республикалық байқауға қатысуға шақырамыз. Келіңіздер, қатысыңыздар. Толығырақ ережеде.

Address

Moscow
010100

Telephone

+77756473805

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Uzdik_kz posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Uzdik_kz:

Share

Category